ҚТЖ өкілдері бірінші қазақстандық-қытайлық астық форумына қатысты

Жаңалықтар

ҚТЖ өкілдері бірінші қазақстандық-қытайлық  астық форумына қатысты




07-06-2024

Болэ (Бора-Тала) қаласында  ШҰАА (ҚХР) алғашқы қазақстандық-қытайлық астық форумы өтті. Оған екі елдің көлік, ауыл шаруашылығы, ҚТЖ, қазақстандық және қытайлық бизнес министрліктерінің өкілдері қатысты. Форумда көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, ҚР мен ҚХР арасындағы жүк айналымын ұлғайту мүмкіндіктері, сондай-ақ экспорттық жүктерді жеткізу шарттары талқыланды. 

Форумда бірлескен жұмыс арқасында екі ел арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 2023 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 22% өсіп, рекордтық көрсеткішке – 28 млн тоннадан астамға жеткені атап өтілді.  Жүк экспорты 35% артып, 12,6 млн тоннаға дейін өсті. Қазақстанның Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдарының бірі арпа мен бидай болып табылады. Өткен жылы астық жүктерінің экспорты 3 есеге, яғни 2,2 млн тоннаға дейін артты. Қазақстандық тарап жолдарды жөндеу, белгі беру және автоматика құралдарын жаңғырту, жаңа учаскелер салу және Мойынты-Достық учаскесінде инфрақұрылымды кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар туралы хабардар етті. 

Форум аясында қазақстандық делегация Алашаңқай станциясының бондық аймағында дәнді дақылдар мен өсімдік майларын түсіру бойынша жаңа терминалдың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Алашаңқайда қала басшылығымен, кеден органдары мен станция өкілдерімен кездесу болып өтті.

Кездесуге қатысушылар ҚХР-ға экспортты тасымалдау кезінде туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін жұмыс тобын құру туралы келісті. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі