«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға S & P Global халықаралық рейтингтік агенттігінің ESG-рейтингі берілді

Жаңалықтар

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға S & P Global халықаралық рейтингтік агенттігінің ESG-рейтингі берілді




30.12.2024 

2024 жылғы 25 желтоқсанда S&P Global тәуелсіз халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға корпоративтік тұрақтылықты жаһандық бағалауда (CSA Corporate Sustainability Assessment) 100-ден 60 балл деңгейінде ESG-рейтингін берді, бұл 2023 жылғы деңгейден 6 баллға жоғары (54 балл). «Көлік және көлік инфрақұрылымы» саласындағы орташа көрсеткіш 34 балды құрады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ S&P Global бағалаған үздік көлік компанияларының 10% (300-ден астам компанияның ішінде) кірді. 

ESG үш компоненті бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ бағалары: экологиялық - 63 балл, әлеуметтік - 65 балл және корпоративтік басқару - 49 балл. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ESG-рейтингін арттыру стратегиялық жоспарлауды, басшылықтың белсенді қатысуын және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтитын кешенді жұмыстың нәтижесі болды.

 Бұл нәтиже компанияның тұрақты даму қағидаттарына беріктігін және оның үнемі жетілдіруге дайын екендігін көрсетеді. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тұрақты дамудың маңыздылығын түсінеді және инвесторлардың, серіктестер мен қоғамның сенімін нығайта отырып, барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді құндылық жасауға ұмтылады. 

S&P Global ұсынған «ҚТЖ» ҰК» АҚ рейтингінің нәтижелері S&P Global ресми веб-сайтында осы сілтеме бойынша қолжетімді: 




 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі