«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға ESG-рейтингі берілді

Жаңалықтар

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-ға ESG-рейтингі берілді

 




10-01-2024

2023 жылғы 22 желтоқсанда S&P Global тәуелсіз халықаралық рейтингтік агенттігі "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ға корпоративтік тұрақтылықты жаһандық бағалауда (Corporate Sustainability Assessment) 100-ден 54 балл деңгейінде ESG-рейтингін берді.

ESG компоненттері бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ бағалары: экологиялық - 61 балл, әлеуметтік - 59 балл, корпоративтік басқару - 40 балл.

"Көлік және көлік инфрақұрылымы" саласындағы орташа көрсеткіш 26 балды құрады. "ҚТЖ" ҰК" АҚ S&P Global Corporate Sustainability Assessment рейтингінде саладағы ең жоғары көрсеткіштері бар компаниялардың 15% кірді.

ESG қағидаттарын енгізу "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның 2032 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыты болып табылады. Берілген бағалау компанияның ESG принциптерін жүзеге асырудағы күш-жігерінің көрінісі болып табылады және оның қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы жоғары стандарттарға ұмтылысын растайды.

S&P Global ұсынған "ҚТЖ" ҰК" АҚ рейтингінің нәтижелері S&P Global веб-сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.spglobal.com/esg/scores/results?cid=6936442 

Анықтама:

S&P Global ESG Score рейтингі - бұл компанияның ESG тәуекелдерін, мүмкіндіктерін және әсерін басқару саласындағы тиімділігін сол салалық классификациядағы әріптестерімен салыстырғанда өлшейтін салыстырмалы бағалау.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі