Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ ішкі тексерулер барысында еншілес ұйымда ақша қаражатын ұрлау фактілерін анықтады




09-10-2024

"ҚТЖ" ҰК" АҚ өзінің еншілес ұйымы – "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-ға қатысты жүргізген ішкі қызметтік тексеру нәтижелері бойынша 56 млн. теңгеден астам ақша қаражатын ұрлау фактілері анықтады.

ҚТЖ материалдық залалды өтеу және кінәлі адамдарды анықтау мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасы шеңберінде шаралар қабылдау туралы құқық қорғау органдарына тиісті өтініш жолданды.
Тергеу шаралары жүргізілуде. 

ҚТЖ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастамашысы ретінде тергеп-тексеруге толық жәрдем көрсетеді. Компанияда мұндай фактілерге жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде және кез келген бұзушылықтарға нөлдік төзімділік саясаты қолданылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі