ҚТЖ-да Wabtec компаниясы басшылығымен жұмыс кездесу болып өтті
30-10-2024
ҚТЖ-да американдық Wabtec (Westinghouse Air Brake Technologies Corporation) компаниясының бас директоры Рафаэль Сантанамен және Wabtec өңірлік вице-президенті Гохан Байханмен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында теміржол саласын дамыту, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңарту бойынша ҚТЖ жүргізіп жатқан жұмыстар атап өтілді, бұл өңірдегі жүк тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысты қолдау үшін қажет. Тараптар Wabtec компаниясының Қазақстанда жаңа буынның "жасыл" локомотивтерін өндіру жөніндегі жоспарларын бөлек талқылады.
Спикерлер бұл жобаның Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі