05-08-2023
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да компанияның 2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы бойынша магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері мен кірме жолдарды ұсыну және табиғи монополиялар саласында электр энергиясын беру бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Сондай-ақ, 2023 жылдың 2 жартыжылдығына арналған негізгі міндеттер айтылды. Қоғамдық тыңдаулар Астана қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық кеңсесінде, оның ішінде онлайн-трансляция ұйымдастырумен өтті.
Іс-шараға ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері, қызмет тұтынушылары қатысты.
Тыңдау төрағасы, қаржы жөніндегі басқарушы директор Даир Көшеров Компания өз қызметінің тиімділігін арттыру үшін қызмет тұтынушылармен қарым-қатынаста ашық саясат жүргізіп жатқанын атап өтті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Александр Кирович компанияның магистральдық теміржол желісіне қызмет көрсету саласындағы жұмыс көрсеткіштері туралы хабардар етті. Көрсетілген қызметтердің көлемі мен сапасы, инвестициялық бағдарламаны іске асыру, негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және қызметті дамыту перспективалары, тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы, сондай-ақ Қызмет тұтынушылармен жүргізілетін жұмыстар туралы айтып берді.
Магистральдық теміржол желісінің реттелетін қызметтеріндегі жүк айналымы (экспорт, импорт, ішкі қатынас) 102 621 млн. т-км құрады. Жолаушылар вагондарының жүрісі - 360 721 мың вагон-км.
Магистральдық теміржол желісінің реттелетін қызметтерін көрсетуден түскен табыс 214 млрд. теңгені құрады.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 45 млрд. теңгені құрады.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында Компания ендірген инвестициялар теміржол көлігімен жүк тасымалдау қажеттіліктерін қанағаттандыруға, теміржол көлігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, жекелеген учаскелерде қозғалыс жылдамдығы мен пойыздардың айналымын арттыруға мүмкіндік берді.
Негіздемелері бар толық есеп www.railways.kz сайтының «Инфрақұрылым» бөлімінде орналастырылған.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі