ҚТЖ-да өндірістік қауіпсіздік бойынша VI Форум өтті
06-12-2024
VI өндірістік қауіпсіздік форумы еңбек қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін талқылау және өндірістік жарақаттардың алдын алу үшін жаңа технологияларды енгізу мақсатында ұйымдастырылды. Форумға "Самұрық-Қазына" АҚ, Австрия темір жолы, "КЕGОС" АҚ, WABTEC өкілдері, сондай-ақ ҚТЖ басшылығы, еңбек қорғау жөніндегі мамандар және Директорлар кеңесінің мүшелері қатысты.
Форумда алдын алу шараларының маңыздылығы және олардың өндірістік жарақаттарды азайтудағы рөлі талқыланды. ҚТЖ-да кәсіби тәуекелдері бар процестер мен қызметті басқару жүйесі ISO 45001 сертификатының талаптарына сәйкес келетіні атап өтілді. Адами фактор және оның өндірістік қауіпсіздікке әсері мәселесіне ерекше назар аударылды. ҚТЖ-да 50 мыңнан астам жұмысшы ауыр және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейді.
Өндірістегі оқиғалардың шамамен 80% - ы адам қателіктерімен байланысты. Осыған байланысты кадрлардың біліктілігін арттыру және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамыту теміржол саласы үшін басымдыққа айналды.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және ұжымдарда қауіпсіз жұмыс істеуге дұрыс психологиялық көңіл — күйді қалыптастыру үшін тренингтерді ішкі тренерлер, яғни компания кәсіпорындарында өндірістік жарақат алған қызметкерлер жүргізеді, мұндай тренингтер жүйелі түрде жүргізіледі және корпоративтік қауіпсіздік мәдениетінің маңызды бөлігіне айналады. Кездесулердегі тәжірибелік жаттықтырушылар жұмыс орнындағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін абай болу және қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын атап өтеді. Бұл кездесулер жұмыстың әр кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Сондай-ақ, 2024 жылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында "Үздіктер алаңы" магистральдық желісі дирекциясы мен вагон шаруашылығы қызметкерлеріне арналған даму бағдарламаларын қоса алғанда, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Маңызды жобалардың бірі желілік деңгейдегі қызметкерлерге оқыту курстарын ұсынатын "Білім экспресс" көшпелі мектебі болды. Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі форум еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ерекшеленген мамандарды марапаттаумен аяқталды. Іс-шара аясында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы соңғы жетістіктердің көрмесі өтті. Форумға қатысушылар техникалық шешімдермен, жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ), медициналық жабдықтармен, сондай-ақ жаңа VR-технологиялармен танысты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі