ҚТЖ-да мүгедектігі бар адамдарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді
06-09-2024
Samruk Business Academy және бос орындар орналастырылатын және конкурстық рәсімдер өткізілетін QSamruk.kz жобасымен бірлесіп ҚТЖ компаниялар тобы ұйымдастырған онлайн бос орындар жәрмеңкесіне 100 жуық мүгедек адам қатысты.
Іс-шараның мақсаты-мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, олардың әлеуетін ашу және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Жәрмеңкеге ҚТЖ еншілес ұйымдары мен филиалдары: "Кедентранссервис" АҚ, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, "Магистральдық желі дирекциясы", "Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы", "Жол диагностикасы орталығы", "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" қатысты және де "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС мен "Жолаушылар тасымалы" АҚ бос жұмыс орындары жарияланды .
Еліміздің барлық өңірлерінде бос орындар ұсынылды. Олардың ішінде: тауар кассирі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер, экономист, эколог, менеджер және басқалар.
Жәрмеңке барысында ҚТЖ өкілдері теміржолдағы жұмыс жағдайлары, әлеуметтік қолдау туралы айтып берді.
Тікелей эфирде еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі бос жұмыс орындары, икемді жұмыс кестесі бойынша қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Онлайн жәрмеңкенің жазбасы ҚТЖ YouTube арнасында сақталады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі