ҚТЖ-да ауқымды кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті
27-11-2024
"ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы ұйымдастырған кәсіптік бағдар беру кездесуіне мектеп бітіруші сыныптарының 250 астам оқушысы мен бейінді колледж студенті қатысты.
Іс-шара мақсаты жастарды теміржол саласындағы жұмысқа орналасу перспективаларымен таныстыру және Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірінде мансаптық мүмкіндіктер ұсыну болды.
Кездесуге қатысушылар әртүрлі теміржол мамандықтары туралы білуге бірегей мүмкіндік алды. Локомотив және жол шаруашылығы мамандары, сондай-ақ ҚТЖ жастар блогының өкілдері өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмысының ерекшелігі, теміржол саласына байланысты кәсіптердің артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы айтып берді. Мансаптық перспективаларға ерекше назар аударылды. Қатысушылар компанияның кәсіби өсу үшін қандай мүмкіндіктер беретінін және ҚТЖ өз қызметкерлерін мансап бойы қалай қолдайтынын білді.
Кездесудің маңызды элементі Логистика және көлік академиясы, Көлік және коммуникация жоғары колледжі, сондай-ақ ҚазАТК Ақмола колледжі сияқты әріптестік оқу орындарының қатысуы болды.
Оқу орындарының өкілдері өздерінің білім беру бағдарламалары мен компаниямен ынтымақтастық туралы айтып, өз түлектерін теміржол саласындағы кәсіпорындарда практикалық даярлау мен жұмысқа орналастырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара аясында заманауи инфрақұрылымды, техникалық жарақтандыруды және теміржолдағы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін паш ететін бейнероликтер көрсетілді. Бұл материалдар қатысушыларға саланың қалай дамып жатқанын және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін қандай инновациялар енгізіліп жатқанын жақсырақ түсінуге көмектесті.
Іс-шара соңында қатысушыларға бос жұмыс орындары, оқу бағдарламалары және компания мамандарымен байланысу үшін байланыс деректері туралы толық ақпараты бар ақпараттық материалдар табыс етілді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі