ҚТЖ Бескөл депосында дизель отынының ұрланғанын анықтады

Жаңалықтар

ҚТЖ Бескөл депосында дизель отынының ұрланғанын анықтады




22-11-2024

ҚТЖ қызметкерлері Бескөл депосы машинистерінің жұмысына мониторинг жүргізу барысында дизель отынының артық жұмсалу жағдайларын анықтады. Тергеу материалдары ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментіне берілді. 

Қылмыстық топты Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері  Бас көлік прокуратурасымен және ҚТЖ-мен бірлесіп анықтады және ұстады. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында 16 млн. теңгеден астам жымқыру залалы толық көлемде өтелді. 2024 жылдың 11 қарашасында сот кінәлілерге үкім шығарды.  
ҚТЖ теміржол көлігінің тиімді жұмысына елеулі қауіп төндіретін дизель отынын ұрлаумен күресті жалғастыруда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі