ҚТЖ басшылығы Зимбабведен келген делегациямен кездесті
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да компания басшылығының Зимбабве қаржы, экономикалық даму және инвестицияларды ілгерілету министрінің орынбасары Дэвид Кудакваше Мнангагвамен кездесуі өтті.
Тараптар көлік және логистика мәселелері бойынша пікір алмасты.
Темір жол саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі