ҚТЖ басшылығы Жамбыл бөлімшесінің жүк тасымалдаушыларымен кездесті

Жаңалықтар

ҚТЖ басшылығы Жамбыл бөлімшесінің жүк тасымалдаушыларымен кездесті




03-12-2024

Тараз қаласында ҚТЖ өкілдерінің Жамбыл өңірінің жүк жөнелтушілерімен кездесуі өтті. Кездесуде ағымдық жұмыс қорытындылары, осы жылдың 10 айындағы жүк тасымалдау қорытындылары, сондай-ақ теміржол жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Өткен кезеңде Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк тиеу 7,6 млн тоннаны құрады. Оның 5,8 миллион тоннасы республика ішінде тасымалданса, 1,8 миллион тоннасы экспортқа жөнелтілді.

Кездесуде жүк тасымалдаудың түрлі сегменттеріндегі өзгерістер динамикасына ерекше назар аударылды. Есепті кезеңде құрылыс материалдарын тиеу айтарлықтай – 88%-ға өсті, бұл өңірде цементке және басқа да құрылыс материалдарына сұраныстың артуына байланысты. Химиялық жүктерді, соның ішінде химикаттарды және соданы тасымалдау көлемі де 8 пайызға өсті.Қара металдарды тиеу 31%-ға өсті. Жамбыл бөлімшесі цемент, түсті руда, тұз, химиялық және минералды тыңайтқыштар сияқты ең қажетті тауарлармен тұрақты қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Кездесу барысында инфрақұрылымды жақсарту, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және логистикалық процестерді оңтайландыруға қатысты бірқатар мәселелер де талқыланды. ҚТЖ басшылығы жүк жөнелтушілермен ынтымақтастықты одан әрі нығайту - тасымалдау көлемін арттырып, өңірдегі теміржол көлігінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұл кездесу логистиканы жақсарту және жүк тасымалы көлемін ұлғайту сияқты ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған теміржолшылар мен өңірдің бизнес-қоғамдастығы арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту мен нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Жиын Қазақстан темір жолының құрылғанына 120 жыл толуына орай жүк жөнелтушілерді мерейтойлық медальмен марапаттаумен аяқталды. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі