ҚТЖ басшылығы Қызылорда торабының теміржолшыларын марапаттады

Жаңалықтар

ҚТЖ басшылығы Қызылорда торабының  теміржолшыларын марапаттады




13-09-2024


 ҚТЖ басшылығының оңтүстік өңір бойынша жұмыс сапары Қызылорда темір жол торабы магистралінің шаруашылықтарын тексерумен аяқталды.


Компания басшылығы Қызылорда локомотив пайдалану  депосы мен локомотив бригадаларының демалыс үйіне барды. Жол техникасын жөндеу, материалдарды тиеу мен түсіру жүзеге асырылатын Қызылорда жол дистанциясы өндірістік базасында еңбек жағдайлары мен жұмыстың ұйымдастырылуын тексерді. 


База кранмен, 6 арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құраммен, тракторлармен және т.б. автокөлікпен жабдықталған. 2024 жылы база паркі әртүрлі модификациядағы 3 жүк көлігімен толықтырылды.


Қызылорда станциясындағы қалпына келтіру пойызының шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайындық жағдайы тексерілді. Сондай - ақ, “Қызылорда-Семей” қатынасындағы №21\22 жолаушылар пойыздары құрылатын Белкөл станциясындағы “Жолаушылар тасымалы” - “Западный” АҚ филиалы Қызылорда учаскесінің тұрақтау паркі, және де “Қазтеміртранс” АҚ Қызылорда филиалының объектілері қаралды.


Қызылорда  теміржол торабы кәсіпорындарының басшыларымен өткен кеңесте басшылық жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшелерінің жұмысына қанағаттанарлық баға берді. Қызметкерлер үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар аудару тапсырылды. 

Сонымен қатар, қауіпсіздік, жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және станцияларды дамыту мәселелері талқыланды. Темір жол кәсіпорындарының өндірістік объектілерін жөндеу бойынша "Теміржолсу – Қызылорда" ЖШС жұмыстарының үлкен көлемі атап өтілді. 
 


Вокзал шаруашылығы мәселелері қаралды. Әкімдіктермен бірлесіп Қызылорда облысының 6 вокзалын өңірдің мәдени мұра объектілері тізіміне енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Компания басшылығы вокзал ғимараттарының тарихи келбетін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Жұмыс сапары аясында ҚТЖ басшылығы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге өткен жылы жөнделген Қызылорда теміржол вокзалын аралады.
 

В рамках рабочей поездки руководство КТЖ вместе с акимом Кызылординской области Нурлыбеком Налибаевым осмотрели железнодорожный вокзал Кызылорды, который был отремонтирован в прошлом году.


Қызылорда торабы ұжымдарымен өткен қорытынды кездесуде компания басшылығы теміржолшыларға еңбегі үшін алғыс айтып, темір жолдың 120 жылдығына орай ардагерлер мен өңірдің үздік қызметкерлерін марапаттады. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі