ҚТЖ басшылығы Семей темір жол торабының кәсіпорындарында болды

Жаңалықтар

ҚТЖ басшылығы Семей темір жол торабының кәсіпорындарында болды




29-08-2024

Өңірлер бойынша жұмыс сапары шеңберінде компания басшылығы Семей жол бөлімшесінің өндірістік объектілерін қарап, шаруашылықтардың қысқа дайындығын тексерді, ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Басшылық ұзындығы 1394 км учаскеде тасымалданатын жүктің сақталуын және ҚТЖ объектілерінің қорғалуын қамтамасыз ететін "Әскерилендірілген теміржол күзетінің" Семей филиалына барды. 

Семей  вагон  пайдалану депосының қызметкерлерімен кездесу өтті. 370 адамнан тұратын ұжым жүк және жолаушылар пойыздарына техникалық қызмет көрсетеді, тиеуге вагондар дайындайды және ағымдық ағытпалық жөндеулер жүргізеді. Осы жылдың жеті айында тиеуге 80 мыңнан астам вагон дайындалды. Техникалық байқау пункттері арқылы 21,7 мыңнан астам транзиттік жүк вагоны, 11,8 мыңнан астам жолаушылар пойызы өтті. Семей, Жаңа-Семей, Аягөз, Дегелен станцияларындағы цехтарда 3 мыңнан астам вагон жөнделді.
 


Бұдан басқа, қоймалар, өндірістік үй-жайлар, гараждар, материалдық-техникалық жабдықтау базасындағы техника қаралды. Басшылыққа тауарларды (арнайы киім, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, құралдар, техника және т.б.) сақтау шарттары, уақтылы қабылдау мен жөнелтуді қамтамасыз ету туралы баяндалды. ҚТЖ желісінде облыс және аудан орталықтарында барлығы 9 материалдық-техникалық жабдықтау базасы жұмыс істейді. 2023 жылы 38 қойма ғимараты жөнделді. Магистральдық желі дирекциясы материалдық базалар қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында 2021 жылдан 2023 жылға дейін 160 бірліктен астам тиегіштер, таразылар, арбалар сатып алынды. 2029 жылға дейін базалар 6 автокранмен, 27 жеңіл және жүк көлігімен, 9 автобуспен және 47 тиегішпен жабдықталады.


Семей торабындағы теміржол бөлімшелерінің басшыларымен өткен кеңесте Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері талқылаудың ерекше тақырыптарына айналды.  

Сондай – ақ Достық – Мойынты учаскесін жаңғыртудан және Бақты-Аягөз жаңа желісін салудан кейін күтілетін жүк ағынын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дайындау бойынша міндеттер қойылды.        Инфрақұрылымның техникалық жай – күйін жақсарту бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ Жаңа-Семей станциясын дамыту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. 
 


Компания басшылығының өңірге жұмыс сапары барысында теміржол кәсіпорындары ұжымдарының, Семей торабының жүк жөнелтушілерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Басшылық ұжымдарды Қазақстан теміржолының 120 жылдығымен құттықтап, теміржолшы мамандығының маңыздылығын және әрбір қызметкердің теміржол көлігін дамытуға қосқан үлесін атап өтті. 

Дәстүр бойынша ардагерлерге, үздік қызметкерлер мен серіктестерге марапаттар табысталды
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі