ҚТЖ басшылығы Атырау темір жол торабының негізгі нысандарын аралап көрді
27-09-2024
ҚТЖ басшылығының батыс өңір бойынша жұмыс сапары Атырау магистральдық желі бөлімшесінің кәсіпорындарына барумен жалғасты.
Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясының, Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік объектілері қаралды. Сондай-ақ, Атырау локомотив пен вагон пайдалану деполарындағы демалыс және еңбек жағдайлары тексерілді.
Атырау бөлімшесінің ірі тораптық станциясы – жолаушылар, жүк және транзиттік құрамдар жүретін Мақат станциясының инфрақұрылымы қаралды.
Атырау торабы кәсіпорындары басшыларымен өткен өндірістік кеңесте тасымалдардың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мәселелері талқыланып, өткен кезеңдегі жұмыстың қорытындысын шығарды. Шаруашылықтарды қысқа дайындауға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.
Атырау бөлімшесінің еңбек ұжымдарымен кездесуде компания басшылығы теміржолшыларға саланың дамуына қосқан еңбегі мен жемісті үлесі үшін алғыс білдірді.
Ардагерлер мен ерекше көзге түскен қызметкерлерге Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай құрмет грамоталары мен мерейтойлық медальдар табыс етілді.
Батыс өңірі бойынша жұмыс сапары аясында ҚТЖ басшылығы Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновпен бірге Атырау вагон жасау зауытына барды. Зауыт осы жылдың шілдесінде алғашқы жүк вагондарын шығарды. Кәсіпорын жылына 6-7 мыңға дейін жүк вагондары мен цистерналар шығаруды жоспарлап отыр.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі