ҚТЖ басшылығы Қарағанды өңірінің желілік кәсіпорындарына барды
17-10-2024
Жұмыс сапары аясында өңірдің теміржол инфрақұрылымы қаралып, белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау және т. б. шаруашылық кәсіпорындарында еңбек жағдайлары мен ұйымдастырылуы тексерілді.
Қарағанды - Сұрыптау станциясында электрмен жабдықтау шаруашылығын дамыту мәселелеріне жеке кездесу өткізілді, оған онлайн-режимде магистральдық желі барлық бөлімшелерінің және қатысты дистанциялар басшылары қосылды.
2029 жылға дейін байланыс желісін, электр берудің әуе желілерін күрделі жөндеу, тартқыш қосалқы станцияларды жаңғырту, тартқыш қосалқы станциялардың жабдықтарын жергілікті жаңарту жоспарлануда.
Ағымдағы өндірістік міндеттер, бөлімшенің инфрақұрылымның өткізу қабілетін дамыту, әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау, шаруашылықтарды қысқа дайындау жөніндегі жоспарлары Қарағанды өңірінің теміржол кәсіпорындары басшыларымен тораптық кеңесте талқыланды. Кеңеске Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов қатысты.
ҚТЖ басшылығы желідегі Қарағанды бағыты ең ауыр жүктемелердің бірі болып табылатынын алға тарта отырып, индустриялық өңірдің жүктерін үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту және еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау мәселелеріне назар аудару тапсырылды. Жалпы, ҚТЖ желісіндегі ең маңызды учаскелердің бірі болып табылатын бөлімшенің жұмысына оң баға берілді.
Қарағанды торабының еңбек ұжымдарымен кездесуде ҚТЖ басшылығы Қазақстан темір жолының 120 жылдығымен құттықтады, теміржолшыларға еңбегі үшін алғыс айтты, әрбір қызметкер жұмысының маңыздылығы мен құндылығын атап өтті. Еңбек ардагерлері мен ерекше көзге түскен еңбеккерлерге марапаттар табысталды.
Өңір бойынша жұмыс сапары барысында компания басшылығы компания персоналын кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүргізілетін ҚТЖ Қарағанды көлік оқу орталығына барды. Оқу үдерісімен танысып, осы уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша курстардан өткен жолшылармен, энергетиктермен, машинистер көмекшілерімен және басқа да кәсіптегі теміржолшылармен әңгімелесті.
Сондай-ақ, ұлттық компания орталық кеңсесінің делегациясы оқыту барысына қатысып, Қарағанды теміржол колледжінің болашақ теміржолшыларымен танысты. Бұл әртүрлі біліктіліктер бойынша теміржол көлігі мамандарын даярлайтын ең көне оқу орындарының бірі. Кадрларды даярлау 9 және 11-сынып базасында сегіз мамандық: темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару, автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару, темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы және т. б. бойынша жүргізіледі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі