ҚТЖ басшылығы Ақмола темір жол бөлімшесі шаруашылықтарын аралады

Жаңалықтар

ҚТЖ басшылығы Ақмола темір жол бөлімшесі  шаруашылықтарын аралады




13-08-2024

Ақмола темір жол бөлімшесіне жұмыс сапары аясында ҚТЖ басшылығы магистральдың негізгі объектілерін қарап, шаруашылықтардың қысқа дайындығын, қызметкерлердің еңбек жағдайларын тексерді. 

Инфрақұрылым ақауларын уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін жылжымалы диагностикалық кешеннің көмегімен теміржол төсемінің жағдайы тексерілді. Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде диагностиканың маңыздылығы атап өтілді.

Өңірдің инфрақұрылым объектілерін аралау кезінде ҚТЖ басшылығы Бурабай курортының рельс дәнекерлеу кәсіпорнына (РДК) барды. Оның негізгі қызметі - рельстерді қалпына келтіру және дәнекерлеу. Кәсіпорын ҚТЖ жол шаруашылығын теміржол төсемін жөндеу кезінде қолданылатын пайдалану стандарттарының барлық талаптары бойынша жаңа және қалпына келтірілген рельстермен қамтамасыз етеді. РДК-да 400 жуық адам жұмыс істейді. 

Вокзал шаруашылығы, оның ішінде Бурабай курорты станциясындағы да тексерілді. 

Қызметкерлердің еңбек жағдайларына басты назар аударылады. Компания басшылығы желідегі қызметкерлермен әңгімелесіп, Жамантұз станциясындағы жол шаруашылығы қызметкерлерінің демалуына арналған модульдік ғимаратты қарап шықты.

Ауданы 106 ш.м. ғимарат 10 адамға есептелген.  Ғимаратқа барлық инженерлік коммуникациялар қосылған, душ кабиналары, тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ бар. Биыл шалғайдағы станциялар мен разъездерде 202 модульдік ғимарат орнату жоспарлануда, өткен жылы 132-сі орнатылған болатын.
 


Сондай-ақ ҚТЖ басшылығы Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі және магистральдық желі басшыларымен кеңес өткізді. Өндірістік қызмет, қауіпсіздік, еңбек жағдайлары, әлеуметтік жауапкершілік мәселелері талқыланды. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастарды оқыту қажеттілігі атап өтілді. 


Ағымдағы жылға арналған тапсырмаларды орындау бойынша тапсырмалар берілді. Қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және шаруашылықтар мен кадрларды қысқы кезеңде жұмысқа сапалы дайындауға баса назар аударылды.

ҚТЖ басшылығы ұжымдарға жұмысы үшін алғыс айтып, еңбек табыстарын тіледі. Үздік қызметкерлерге марапаттар табысталды. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі