ҚТЖ басшылығы Алматы қаласында логистикалық кешенінің құрылыс барысымен танысты

Жаңалықтар

ҚТЖ басшылығы Алматы қаласында логистикалық кешенінің құрылыс барысымен танысты




03-12-2024

Жұмыс сапары кезінде ҚТЖ басшылығы Алматы-2 логистикалық кешенінің құрылыс барысымен танысты. 

Ауданы шамамен 10 гектар болатын терминал аумағында заманауи жабық (24 500 м2) және ашық (12 000 м2) қоймалардың, сонымен қатар контейнерлік алаңдардың (12 000м2) құрылысы қарастырылған. Жобалық қуаты 57 мың ЖФЭ кешен құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Бүгінгі таңда инженерлік-геодезиялық және геологиялық іздестіру жұмыстары жүргізіліп, демонтаж бойынша жұмыстар басталды. 


Жобаны жүзеге асыру Алматы қаласы мен Алматы облысының жүк жөнелтушілері үшін импорттық хаб режимінде ҚХР-дың іс жүзінде барлық өңірлерінен жүктерді жоғары деңгейде үйлестіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары кезінде ҚТЖ басшылығы магистральдық желі дирекциясының ірі материалдық-техникалық базасын тексерді, Оңтүстік-Шығыс аймағы бойынша пойыздар қозғалысын басқарудың Өңірлік орталығына барды (Алматы ПБӨО-2).

ПБӨО-2 Алматы, Шымкент, Жамбыл және Семей бөлімшелерінің диспетчерлік орталықтарын біріктіреді, жолдың эксплуатациялық ұзындығы 4450 км. Кездесу барысында пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуінде мекеменің әрбір қызметкерінің жоғары жауапкершілігі туралы айтылды.
 


Алматы магистральдық желі және жүк тасымалы бөлімшелері басшыларымен өткен жиналыста да қауіпсіздік деңгейін арттыруға ерекше басымдық берілді. Сонымен қатар, өндірістік қызмет, еңбек жағдайы, әлеуметтік жауапкершілік мәселелері талқыланды.

ҚТЖ басшылығы теміржол торабы ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік шарада әрбір қызметкердің саланың дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ерен еңбегімен көзге түскен жұмыскерлер мен сала ардагерлер Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай марапатталды.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі