ҚТЖ қар басқан автожолдардан эвакуацияланған адамдарды қала маңындағы пойыздармен әкетуді қамтамасыз етуді жалғастыруда
30-12-2023
Өткен түнде автожолдардың жабылуына байланысты Бурабай, Елтай, Ақкөл, Шортанды, Ерейментау станцияларынан Астанаға дейін 700 астам адамды қала маңы пойыздарымен тасымалдау қамтамасыз етілді.
Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта тұрғындарды темір жол көлігімен әкетуді қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Жолаушылар ағынының күрт артуы теміржол көлігінің жұмысын қиындатты, осыған байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ азаматтардан өзіне қауіп төндірмеуді және кез келген көлікпен жолға шығудан бас тартуды сұрайды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі