Төрт өңірде тас жолдардың жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 адам тасымалданды
03-01-2025
Тас жолдардың уақытша жабылуы және басқа көлік түрлерінің қозғалысы шектелуі жағдайында пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік құралы болып саналады.
Бүгін Сарыбель, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 жолаушы тасымалданды.
Тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр. Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, аса қажеттілік болмаған жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі