Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша транзит 20 есе өсті
 




20-09-2024

Сианда (ҚХР) Транскаспий халықаралық көлік  бағдары бойынша  Қытай - Еуропа контейнерлік пойызы (Сиань – Алтынкөл - Ақтау - Баку - Поти - Бургас - Белград - Гамбург/Дуйсбург/Будапешт) салтанатты түрде жөнелтілді.

Іс-шараға ҚТЖ, Қытай, Әзірбайжан, Грузия теміржол әкімшіліктерінің, Шэньси провинциясының, Сиань қаласының партия комитеті мен үкіметінің басшылығы және т.б. қатысты. 
 


Сиандағы Қазақстан-Қытай терминалында құрылған 55 40 футтық контейнер құрамына жүктелген жүкті Будапештке жеткізеді. Пойыз 8-11 күнде Бакуге дейін шамамен 7 мың шақырымды жүріп өтеді. Ол Будапешттегі соңғы нүктеге 25 күнде жетеді. 

Жеткізу мерзімдерін қысқарту және сервисті жаңа деңгейде ұсыну ТХКБ-ның қатысушы елдері теміржол және порт әкімшіліктерінің жемісті ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды. 
 


Ағымдағы жылдың 8 айында ТХКБ бойынша транзит 20 есе өсті, маршрут бойынша 200 пойыз жүріп өтті.
 
Анықтама: Сиань қаласының құрғақ портындағы қазақстандық-қытайлық терминалды ҚТЖ қысқа мерзімде салып, Мемлекет басшысы қатысуымен 2024 жылдың басында іске қосылды. Бүгінде Құрғақ портта Қазақстан арқылы Еуропаға контейнерлік пойыздардың 30% қалыптастырылады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі