ТМТМ жұмыс тобының отырысы Грузияда өтті
10-12-2024
"KTZ Express" АҚ басшылығы ("ҚТЖ "ҰК" АҚ еншілес ұйымы) Тбилиси қаласында (Грузия) өткен Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХТМ) дамыту жөніндегі отырысқа қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар маршрутты дамытудың негізгі жетістіктері мен жоспарларын талқылады. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ТХТМ бағдары бойынша жиырма футтық эквивалентте (ЖФЭ) 50 мың контейнер тасымалданды. Сондай-ақ 328 контейнерлік пойыз өткізілген, оның 304-і Қытай Халық Республикасынан жіберілді.
Бұл көрсеткіштер тасымалдау көлемінің тұрақты өсуін және ұлттық тасымалдаушының іске асырып жатқан стратегиялық бастамаларының жоғары тиімділігін көрсетеді.
Отырыс қорытындысы бойынша сервистерді жетілдіруге және транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемін ұлғайтуға баса назар аудара отырып, келесі жылға арналған тасымалдарды дамыту жоспарлары мен болжамды көлемдері келісілді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі