Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді
26.06.2024
Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кету жағдайы болған жерде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. Кешіктірілген пойыздардың жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілді. 492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырылды.Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды.
Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кідіру уақытын қысқарту мақсатында қажетті шараларды қабылдауда.
Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі