Теміржолшылар "Таза Қазақстан" акциясы аясында мың ағаш отырғызды
12-10-2024
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында бүгін ҚТЖ-ның барлық құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарында ауқымды экологиялық акция өтті. Бүкіл ел бойынша теміржолшылар мыңдаған жасыл желек: қайың, қарағай, тал және басқа да көшеттер отырғызды. Акцияға 600 астам адам қатысты.
Сондай-ақ, теміржолшылар депо аумақтарын, станциялар мен вокзалдарды тазалаумен, ағаштар мен бардюрларды ақтаумен айналысты.
"Біз мұндай акцияларға үнемі қатысып келеміз. Депо аумағында біздің көз алдымызда өскен ағаштар бар. Біз ортақ күш-жігерімізбен қаламызды әдемі әрі таза етеміз", - деді елордалық вагон пайдалану депосы бастығының орынбасары Бегім Бақтыбаев.
Биылғы жылы теміржолшылар барлығы 2454 ағаш отырғызды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі