Теміржолшылар екі тәулікте жолды 36 мың текше метрден астам қардан тазартты
22-01-2025
Өткен екі тәулікте темір жолдардан 36 мың текше метрден астам қар жинап алынды. Қар тазалайтын машиналар 105 рейс жасады.
Теміржол төсемін жедел тазалау үшін 88 қар тазалау техникасының шығуы жүзеге асырылып, олардың көмегімен 25 мың шақырымнан астам жол тазартылды.
Бағыттамалық бұрмаларды тазалауға, біліктерді қардан аршуға 3 658 жол монтері жұмылдырылған. Тәулік бойы жедел қызметтердің кезекшілігі жүргізілді. Жолдың жай-күйі, байланыс желісі және техника күшейтілген бақылауда болды.
Қар мен боран жағдайында қабылданған шаралар теміржол көлігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі