Теміржолшылар Белкөл станциясындағы өрт-тактикалық жаттығуларға қатысты
29-07-2024
Белкөл станциясында “Хлор жүгі бар вагондағы шартты өртті сөндіру” тақырыбында жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Іс-шараға Қызылорда қаласы ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп Қызылорда станциясының өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздарының теміржолшылары қатысты.
Оқу-жаттығуға қатысушылардың алдында бірнеше міндеттер тұрды: ТЖ аймағына түскен адамдарды құтқару және эвакуациялау, хлор шығарылуы салдарынан туындаған өрт пен химиялық қауіпті бұлтты жою. Қойылған міндеттер орындалды, бірлескен іс-әрекеттер іс жүзінде пысықталды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі