Теміржолда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Жаңалықтар

Теміржолда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде




05-06-2024

ҚТЖ қозғалыс қауіпсіздігін тексерушілер ағымдағы жылдың қаңтар мен мамыр айлары аралығында 4,9 мыңнан астам тексеру жүргізді.  Оның ішінде 3,7 мыңнан астамы - жоспарлы, 960 астамы - кенеттен және 220 астамы-жоспардан тыс. 

Тексеру барысында инфрақұрылым объектілерінің, техникалық құралдар мен жылжымалы құрамның жарамды жай-күйі, жұмыстарды жүргізу технологиясы қағидаларының мүлтіксіз сақталуы, нормативтік-техникалық құжаттаманың сапалы дайындалуы бағаланды. 

Сонымен қатар, кадрлық, материалдық, техникалық және технологиялық ресурстардың бекітілген ережелер мен нормаларға сәйкестігіне баға берілді. Белгіленген тәртіппен анықталған бұзушылықтар жойылды. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі - ҚТЖ қызметіндегі негізгі элемент. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі