Теміржолда пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың алдын алу айлығы басталды
06-02-2024
Пойыздар қозғалысына байланысты қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де 1-29 ақпан аралығында «Пойыздық және маневрлік жұмыста қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алу» айлығы өткізіледі. Оның мақсаты – пойыздарды қабылдау және жөнелту кезінде, маневрлік жұмыстарды жүргізу кезінде қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуының алдын алу.
Айлықты өткізу шеңберінде нұсқаулықтар мен ережелердің сақталуын, маневрлік жұмыстарды жүргізу кезінде белгіленген келіссөздер регламентінің орындалуын бақылау күшейтілетін болады. Қызметкерлердің стандартты емес жағдайларда, ауа-райының нашарлауында және жұмыста қиындықтар туындаған кездегі іс-әрекеттері туралы практикалық білімдерін бағалауға ерекше назар аударылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі