Теміржол көлігін әскерилендірілген күзетудің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды

Жаңалықтар

Теміржол көлігін әскерилендірілген күзетудің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды




31.01.2024

«ӘТЖК» ЖШС 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өңірлік филиалдар басшыларының есептерін тыңдады. Кездесуде күзет қызметін ұйымдастыру процесінде туындайтын негізгі мәселелер, сондай-ақ 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «ӘТЖК» ЖШС нарядтарымен номенклатуралық жүкпен 19,8 млн вагон (602,5 мың пойыз) күзетпен қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 3,7% ұлғайды. Есепті кезеңде теміржол көлігі объектілерінде атыс бөлімшелері қызметкерлерінің күшімен күзетілетін жүктер мен мүлікке қылмыстық қол сұғудың 149 жағдайының алды алынды. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 27,3% жақсарды.

Көліктегі полициямен бірлесіп 219 қаскүнем ұсталды.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі