Таза Қазақстан: теміржолшылар - экоакция қатысушылары

Жаңалықтар

Таза Қазақстан: теміржолшылар - экоакция қатысушылары




20-04-2024

Болат магистралінің қызметкерлері Астанадағы "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының эковолонтерлерімен бірлесіп, аянбай еңбек етті. Бүгін олар еліміздің бас қаласы Президенттік саябақты тазалауға шықты. Ауқымды экологиялық челлендж "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ұранымен болып өтті.

Теміржолшылар Мемлекет басшысының үндеуіне үн қосып, басқа да еріктілермен бірге саябақ аумағын қоқыс пен ластықтан тазарта алды. "Самұрық-Қазына" компаниялар тобына кіретін компаниялардың барлық эковолонтерлері көтеріңкі көңіл-күймен жұмыс жасады, бұған Астанада қалыптасқан тамаша ауа-райы, күн шуағы жақсы  ықпал етті.

Экологиялық акцияны өткізудің ұйымдастырушылық бөлігін Қордың әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы өз мойнына алды.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі