Сурган станциясында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді

Жаңалықтар

Сурган станциясында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді




10-10-2024

Ағымдағы жылдың 10 қазанында сағат 3-тен 50 минут өткенде Сурган станциясы бойынша  пойыздарды өткізу үшін қозғалыс ашылды.  Апат салдары жедел түрде жойылды.  Есіл және Тобыл станцияларының қалпына келтіру пойызы, бес бірлік техника және 96 адам тартылды. Түнгі уақытқа қарамастан, жұмыс тоқтаған жоқ.  
Оқиға орнында "ҚТЖ" ҰК" АҚ комиссиясының орын алған оқиға себептерін тексерісі басталды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі