S&P Global Ratings "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның "Тұрақты" рейтингін растады

Жаңалықтар

S&P Global Ratings "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның "Тұрақты" рейтингін растады




24-12-2024

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның кредиттік рейтингін "BB" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты". 

Рейтингті растау ұлттық компанияның тұрақты жұмысы мен операциялық қызметінің нәтижесі болып табылады.  Агенттіктің бағалауы бойынша жүк тасымалы көлемінің өсуі (2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы 7%-ке және 2024 жылы қосымша күтілетін өсім 1,3%-ке), реттелетін тарифтердің айтарлықтай өсуі (2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы 23,7%-ке және одан әрі 2024-2026 жж. күтілетін өсім жылдық мәнде шамамен 24%-ке) "ҚТЖ" ҰК" АҚ кредиттік көрсеткіштерін қолдауға тиіс. 

Агенттік сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның жаңа ұзақ мерзімді кредиттік желілерді қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің қолжетімділігіне қарай капитал салымдарының көлемі мен мерзімдерін реттеу мүмкіндіктерін атап өтеді.

Пресс-релизге сілтеме: 
https://disclosure.spglobal.com/ratings/en/regulatory/article/-/view/type/HTML/id/3302590 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі