Сұйытылған газ тасымалдау - ерекше бақылауда
04-07-2024
ҚТЖ-да ҚР Энергетика министрлігі, Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары әкімдіктері өкілдерінің, жүктерді жеке тасымалдаушының, мұнай өңдеу зауыттарының, вагон операторларының және басқалардың қатысуымен Сұйытылған газды тасымалдау жөніндегі штабтың жоспардан тыс отырысы өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша жүк тиелген және бос вагондарды уақтылы жеткізу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Әр цистернаның қозғалысына диспетчерлік бақылау орнатылып, еліміздің барлық өңірлерінде ҚТЖ жауапты басшылары тағайындалды.
Жағдай Компания бірінші басшыларының ерекше бақылауында.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі