04-08-2023
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов жұмыс сапары барысында Жетісу облысындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның көліктік-логистикалық нысандарын аралады.
Қор басшысына Орталық Азиядағы ең ірі «KTZE-Khorgos Gateway» Құрғақ портының технологиялық жұмысы таныстырылды, онда Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өтетін жүктерді өңдеу, сақтау және ауыстырып тиеу жүзеге асырылады. Құрғақ порттың жалпы ауданы 129 га құрайды және сыйымдылығы 18 мың контейнерлік ауланы, 6 кіреберіс жолы бар контейнерлік терминалды және 3 RMG порталдық крандарын қамтиды.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Құрғақ портта 185 мыңнан астам контейнер өңделді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,3%-ке көп.
Сапар барысында Нұрлан Жақыпов терминалдың өңдеу қуатын 540 мыңнан 800 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін он сұрыптау темір жолының және вагондарды ағымдық ағытып жөндеу жолының құрылысына капсула салды.
Сондай-ақ, Қор басшылығы «Кедентранссервис» АҚ қайта тиеу терминалдарының жұмысымен танысты.
Алтынкөл шекара станциясына бару барысында оның өткізу қабілетін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Тасымалдаудың перспективалық көлемін игеру үшін тәулігіне 1505 вагонды қайта өңдеу қабілеті бар механикаландырылмаған сұрыптау дөңесін салу жоспарлануда.
Жыл басынан бері Алтынкөл арқылы 1855 контейнерлік пойыз өтті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% - ға көп.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі