Құрметті теміржолшылар!

Жаңалықтар

Құрметті теміржолшылар!




15-05-2024

Су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуге белсенді атсалысқандарыңыз үшін шын жүректен ризашылық білдіруге рұқсат етіңіздер.

Сіздер кезекті рет үйлесімділік пен ұтқырлықты паш етіп, техникалық жабдықталу мен жедел шешімдер қабылдауда қарым-қабілеттеріңізді көрсетіп, кез келген қиын жағдайда Сіздерге сенім артуға болатынына көз жеткіздіңіздер.   

Қиындыққа тап болған отандастарымызға көмек қолын созуда бейтарап қалмаған жастар әріптестері арасында гуманитарлық көмек жинауды ұйымдастырды.   

Инфрақұрылымды көктемгі суларды өткізуге дайындау бойынша тапсырмалардың орындалу сапасын айрықша атап өткен жөн.  Су тасқынына қарсы іс-шаралардың дер кезінде жүргізілуінің арқасында Сіздер теміржол көлігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отырсыздар.   

Су апатына  қарсы күресте көрсеткен еңбегі мен кәсібилігі үшін бүткіл "Қазақстан темір жолы" ұжымына алғыс жариялаймыз.  

Сіздердің әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңіз зор!

Құрметпен,
"ҚТЖ "ҰК"АҚ Директорлар кеңесі

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі