Республика күніне орай теміржолшылар жаңа наградалармен марапатталды

Жаңалықтар

Республика күніне орай теміржолшылар жаңа наградалармен марапатталды




24-10-2024

 Мемлекет басшысының еңбек адамының мәртебесін және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру жөніндегі бастамалары шеңберінде теміржолшылар үшін жаңа марапаттар құрылды.

ҚТЖ корпоративтік наградаларының тізімін I, II, III дәрежелі "Теміржол даңқы" медалі, "Теміржол саласында 10, 20, 30 жыл қызметі үшін", "Локомотивте апатсыз 500 000 км, 1 000 000 км", "Үздік жас маман", "Үздік теміржол ұжымы" белгісі, кәсібі бойынша үздік құрметті атақтар және т. б. толықтырды.

 


Республика күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік наградалармен, "Құрметті теміржолшы" белгісімен және магистральдың дамуына елеулі үлес қосқан 4 000 астам "Қазақстан темір жолы" жұмыскері жаңа көтермелеулермен марапатталды.

Астанада өткен салтанатты жиында көлік министрі М. Қарабаев, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Н. Жақыпов, ҚТЖ басшылығы еліміздің барлық өңірлерінен келген жол монтерлеріне, байланысшыларға, энергетиктерге, машинистерге, жолсеріктерге, қозғалушыларға, вагоншыларға, әскерилендірілген күзет қызметкерлеріне, сала ардагерлеріне марапаттар табыс етті.


Сондай-ақ, "Үздік теміржол ұжымы" ауыспалы туы және өз қызметінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізген желілік кәсіпорындардың үздік еңбек ұжымдарына сертификат табыс етілді.

Марапатталғандар ақшалай сыйлықақылармен немесе жалақы сыйлықақыларымен марапатталады.

ҚТЖ-дағы салтанатты жиында әр теміржолшының қосқан зор үлесі мен маңдай тері бар екендігі ерекше аталды. Еліміз экономикалық дамуында Қазақстан темір жолының рөлі артып келеді.


Соңғы 30 жылда 2,5 мың шақырым теміржол салынды. 2030 жылға дейін ҚТЖ 5 мың шақырым жол салып, жаңғыртуды және 11 мың шақырым жолды жөндеуді жоспарлап отыр.

 Бүгінде Достық – Мойынты, Дарбаза– Мақтаарал, Жетіген – Қазыбек бек теміржол желілерін салу бойынша ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Бұл нысандардың біріншісі 2025 жылы мерзімінен бұрын енгізіледі.

110 мыңдық теміржол ұжымының жүйелі жұмысы мен үйлесімділігінің арқасында жылжымалы паркті жаңарту, инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда, жолаушылар мен жүктерді үздіксіз тасымалдау қамтамасыз етілуде. Соңғы жылдары жүк айналымы 12% өсті. Табыс 2023 жылы 1,3 триллионнан 2 трлн теңгеге дейін өсті.  Пайда 2022 жылға қарай 4 есе өсті. Бұл соңғы 10 жылдағы ҚТЖ-ның ең жақсы көрсеткіші.

Ел басшылығының транзиттік әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде көлік-логистикалық қаңқаны құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Терминалдар салынуда, жаңа логистикалық бағыттар ашылуда, озық ақпараттық технологиялар енгізілуде.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі