Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің мәселелерін ҚТЖ, РЖД және БЖД өкілдері талқылады

Жаңалықтар

Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің мәселелерін ҚТЖ, РЖД және БЖД өкілдері талқылады




01-10-2024

Көкшетау қаласында мемлекетаралық түйісу пункттері арқылы вагондарды қабылдау/беру технологиясын жетілдіру бойынша түйісу кеңесі өтті. Кеңеске ҚТЖ, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС вагон шаруашылығы департаментінің, "РЖД" ААҚ филиалы инфрақұрылымы орталық дирекциясының вагон шаруашылығы басқармасының, Беларусь теміржолы вагон шаруашылығы қызметінің өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар теміржол инфрақұрылымына жарамды жылжымалы құрамның қолжетімділігі, мемлекетаралық түйісу пункттерінде және жүру жолында техникалық ақаулары бар вагондарды ағытып алу жағдайлары мәселелерін талқылады.

Үш елдің теміржолшылары жүктердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін белсенді жұмыс жүргізуде. Елдер арасында теміржол желісінің технологиялық бірлігі сақталып, инфрақұрылымның келісілген дамуы қамтамасыз етілуде. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі