Пойыз жолсеріктері мен билет кассирлерін тұрғындарды эвакуациялаудағы кәсібилігі үшін марапаттады
07-06-2024
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма Төрағасы Жәнібек Тайжанов су тасқыны кезінде адамдарды эвакуациялаудағы жоғары кәсібилігі үшін 30-дан астам пойыз жолсерігі мен билет кассиріне алғыс хаттарын табыс етті.
Су тасқыны аймағынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен шамамен 23 мың адам тегін тасымалданып, 1,5 мыңнан астам бала сауықтыру орталықтары мен лагерьлерге жеткізілді. Бұл мақсатта 113 қосымша вагон бөлінді.
Компания мемлекеттік органдармен бірлесіп, әскери қызметкерлер мен құтқарушыларды тасымалдауды қамтамасыз етті.
Осы кезеңде жолсеріктер мен билет кассирлері тәулік бойы жұмыс істеп, тұрғындардың қауіпсіз эвакуациясы кезінде ерекше қызметтік ерлік көрсетті. Олардың көпшілігі демалыс күндерінде жұмысқа өз еркімен шығып, кәсібилігін және қиын жағдайда көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі