Павлодар өңірінің өндірістік қауіпсіздік саласындағы 15 үздік теміржол кәсіпорыны анықталды
28-08-2024
ҚТЖ басшылығы Павлодар темір жол бөлімшесінің негізгі өндірістік учаскелерін аралап шықты.
Павлодар бөлімшесі - желідегі маңызды учаскелердің бірі. Бұнда ҚТЖ жалпы көлемінің 30% жүктері жөнелтіледі. Бұл жылына 80 миллион тоннадан асады.
Жұмыс сапары барысында компания басшылығы Ақсу-1 станциясының дамуы барысымен танысты. Бірінші кезең аясында 3 тартымдық және бір қабылдау-жөнелту жолы ұзартылды, ауыспа жолдар қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта екінші кезеңнің іс-шаралары жүзеге асырылуда: 3 жолды ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2 қосымша жолдың құрылысы аяқталуда, СОБ және энергетика объектілерін монтаждау жүргізілуде. Модернизациядан кейін өңдеу қабілеті тәулігіне 11-ден 17 жұп пойызға дейін артады.
Сондай-ақ, компания басшылығы станцияларда белгі беру және байланыс дистанцияларының шаруашылығын, байланыс желісінің аудандарын және электрмен жабдықтау дистанцияларының тартқыш қосалқы станцияларын тексерді. Энергетика объектілерін жаңарту, 2029 жылға дейін ҚТЖ желісіндегі байланыс желілері мен әуе электр беру желілерін күрделі жөндеу жоспарлары талқыланды.
Теміржолшылардың еңбегін ұйымдастыруға, оларды қажетті жабдықтармен және арнайы техникамен жабдықтауға ерекше назар аударылады. Конструкторлық-эксперименттік орталықтың жұмысы атап өтілді, онда 2023 жылы әртүрлі теміржол қызметтері үшін 13 мыңнан астам құрал жасалды.
Аралау барысында компания басшылығы машинистердің Екібастұз станциясындағы локомотив бригадаларының демалыс үйінде тұру жағдайларын тексерді, онда ай сайын сапарлар арасында орта есеппен 3 мың теміржолшы демалады. 2023 жылы ауданы 600 шаршы метрден асатын ғимарат жөнделді.
Павлодар торабы басшыларымен өткен кеңесте бөлімшенің жұмысына қанағаттанарлық баға берілді. Ағымдағы өндірістік міндеттер, жоспарлар, шаруашылықтарды қысқа дайындау барысы талқыланды. Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту бойынша жұмысты күшейту, қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аудару тапсырылды. 20 жылдан астам жарақатсыз жұмыс істеген өңірдің 15 кәсіпорны: ШЧ-25 Екібастұз, ВП-19 Ерейментау, ВП - Павлодар, ПП-Павлодар, ПП-Ерейментау, ПП-Екібастұз, ЖБ-Павлодар, Павлодар, Екібастұз, Ерейментау, Шідерті, Тасқұдық, Спутник, Жолқұдық, Шарбақты, Екібастұз ДС-Северный атап өтілді.
Павлодар темір жол торабының еңбек ұжымдарымен кездесуде компания басшылығы еңбегі үшін алғыс айтып, ардагерлер мен үздік теміржолшыларды марапаттады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі