Осы жылдың тамыз айында теміржол көлігімен астық тасымалы 2 есеге өсті
08-09-2023
Ағымдағы жылдың тамыз айында ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 2 есе жоғары. Маркетингтік жыл ішінде 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың тамызы аралығында шамамен 12 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен маусымға қарағанда 20% жоғары. Астық экспорты 25%, яғни 10 млн тоннаға дейін өсті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі