Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Осы жылдың бірінші тоқсанында Ақтау порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу 14% өсті




09-04-2024

2024 жылдың бірінші тоқсанында Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 1,1 млн тоннадан асты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 14% жоғары. Порт 24 мың тонна астықты, 920 мың тоннадан астам мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуді қамтамасыз етті.

Теңіз айлағы 7,4 мыңнан астам жиырма футтық эквивалентте (ЖФЭ) контейнерді өңдеді, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 33% көп. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша 6,4 мыңнан астам ЖФЭ бар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 85% - ға өсті.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі