Қостанай ЖТ бөлімшесі бойынша астық тасымалдау жөніндегі ақпарат

Жаңалықтар

Қостанай ЖТ бөлімшесі бойынша  астық тасымалдау жөніндегі ақпарат




30.10.2024

Қазан айында Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша шамамен 297,7 мың тонна астық тиелді немесе 4,3 мыңнан астам вагон жөнелтілді.  Қазақстанның ішкі нарығына 83,6 мың тоннадан астам, экспортқа - 3,1 мың вагон немесе 214 мың тонна астық жөнелтілді. 

Бөлімшеде Орталық Азия елдеріне, Ақтау-порт, ҚХР-ға, сондай-ақ республика бойынша 25 астық маршруты құрылды. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі