Қорғасын-Шымкент аралығындағы жағдай бойынша ақпарат
22-09-2024
21 қыркүйек сағат 21 - ден 40 минут өткенде Қорғасын-Шымкент аралығында жүк пойызының машинисі кенеттен жолға шыққан адамның алдында шұғыл тежеуді қолданды. Қабылданған шараларға қарамастан, қысқа қашықтыққа байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады.
Бұл учаскеде адамдардың темір жолға шығып кетпеуі үшін қоршаулар орнатылған.
Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Тұлға анықталды. Ер адам Шымкент қаласында психиатриялық есепте тұрған.
ҚТЖ қаза тапқан ер адамның отбасына көңіл айтады және бұл үшін қатаң бөлінген жерлерде жолдарды кесіп өту, вагондардың астына түспеу, жақындап қалған пойыздың алдында жолдарды кесіп өтпеу қажет екенін еске салады, өйткені құрам бірден тоқтай алмайды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі