17.11.2023
2023 жылдың 20 қарашасында "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Жамбыл облысына келіп, 8 станция тұрғындарын қабылдайды. Бүгін рельстердегі емхана Түркістан облысының соңғы станциясы - Ыңтымаққа келеді.
"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызының мамандары 100 астам станцияның тұрғындарын тексерді. Бұл ретте 76 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде 16 мыңнан астам бала тексерілді. Жалпы, бейінді мамандардың консультациялары – 150 мыңнан астам, шағын хирургиялық оталар – 9 мыңға жуық.
Медпойызды Жамбыл облысының Тамды раз. (20-21.11), Хантау (22-23.11), Шығанақ (23.11), Мыңарал (25-27.11), Қаражінгіл (28-29.11), Еспе (30.11 - 01.12), Шоқпар (01-03.12), Бел (03-05.12) шағын станцияларының тұрғындары асыға күтуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұл әлеуметтік жобаны "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры "Samruk-Kazyna" АҚ компаниялар тобының атынан, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен жүзеге асыруда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі