Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар пойыздарына жолсеріктерді жұмысқа қабылдайды
07-10-2024
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты 200-ден астам жолсерікті жұмысқа қабылдайтының хабарлайды. Компанияның Батыс, Солтүстік, Оңтүстік өңірлерінде, сонымен қатар Экспресс және Қала маңы тасымалдары бойынша филиалдары бар. Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз бригадаларында 4 800 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 184 пойыз бастығы және 4 616 жолсерік бар.
Қызығушылық білдірген үміткерлер job.railways.kz, qsamruk.kz, hh.kz сайттары арқылы бос жұмыс орындарына өтінім жолдай алады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Егер үміткерлер саны жеткіліксіз болса, компания тиісті сертификаттары мен дағдылары бар, бірақ басқа салада білім алған адамдарға да қатысу мүмкіндігін ұсынады.
Іріктеу үдерісі бірнеше кезеңнен тұрады: тестілеу, кәсіби білімді тексеру, сұхбат, сондай-ақ, стресске төзімділік пен коммуникациялық дағдыларды бағалау. Компания іріктеу үдерісінің ашықтығына кепілдік береді. Іріктеу барысында кәсіподақ пен кадр
қызметінің өкілдері қатысып, үміткерлерді жан-жақты бағалайды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі