Ұлттық тасымалдаушы су тасқынына байланысты Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялайды
30-03-2024
Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы кентінде ауа райының нашарлауы мен қардың қарқынды еруі Шерубай-Нұра өзенінің шектен тыс толуы салдарынан «Екатеринбург-Алматы» тас жолының уақытша жабылуына әкелді. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастыруда.
Халықты тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тегін негізде жеке локомотивті пайдалана отырып, бір рейске жолаушылар пойызы тағайындалды:
Сондай-ақ, келесі 1 рейске жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар тағайындалды:
Қосымша вагондардың арқасында су басқан аймақтардан 1200-ден астам тұрғындарды тасымалдау мүмкін болады.
Анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша тегін алуға болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі