«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тасымалдау қауіпсіздігінің деңгейін арттырады
26.01.2024
Тасымалдау процесіне тартылған локомотив және вагон деполарының, Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесі станцияларының жұмысшыларымен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша техникалық сабақтар өткізілді.
Оқыту барысында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін бұзу жағдайлары талданып, қауіпсіздік мәдениетін дамытуға негізделген ұсыныстар берілді. Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау, технологиялық және еңбек тәртібін нығайту, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыру жүйесін жетілдіру мәселелеріне басты назар аударылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі