«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді
28-02-2024
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Жалғыз акционерінің 2024 жылғы 22 ақпандағы шешімімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі Ғибрат Қайратұлы Ауғановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Сол шешіммен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі болып Елжас Мұратұлы Отыншиев сайланды.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі 8 адамнан тұрады:
1) Айдар Қайратұлы Рысқұлов – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
2) Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы;
3) Елжас Мұратұлы Отыншиев – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
4) Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
5) Қуат Қайыргелденұлы Ерубаев – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
6) Вокурка Ульф – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
7) Александр Андреас Ширхубер – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
8) Джон (Йан) МакКей – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі