ҚТЖ-да есепті тыңдаулар өтті

Жаңалықтар

ҚТЖ-да есепті тыңдаулар өтті




26-07-2024

“ҚТЖ” ҰК” АҚ-да магистральдық теміржол желісінің, кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну және табиғи монополиялар саласындағы электр энергиясын беру бойынша компанияның 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы  және 2024 жылғы 2 жартыжылдықтағы негізгі міндеттер бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Тыңдаулар компанияның орталық кеңсесінде, оның ішінде онлайн-трансляция ұйымдастырумен өткізілді. 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжановтың төрағалығымен өткен іс-шараға ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері, қызмет тұтынушылары қатысты.

"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Александр Кирович баяндамада субъект туралы жалпы ақпаратты, магистральдық теміржол желісінің қызмет көрсету саласындағы жұмысын алға тартты. Көрсетілген қызметтердің көлемі мен сапасы, инвестициялық бағдарламаны іске асыру, негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және қызметті дамыту перспективалары, тарифтік сметаның баппен орындалуы, сондай-ақ Қызмет тұтынушылармен жүргізілетін жұмыстар туралы айтып берді. 

Магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріндегі жүк айналымы (экспорт, импорт, ішкі қатынас) 96 076 млн.т-км құрады. Магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түсетін кірістер 250 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты.

Магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы инвестициялардың жалпы көлемі-89,4 млрд. теңге. 

Компания күрделі жөндеуді талап ететін жол километрлерінің көлемін азайтудың оң динамикасына қол жеткізді. Алайда, оны одан әрі төмендету үшін одан да көп жұмыс істеу керек. 

Инфрақұрылымның "тар" жерлерін жою жөніндегі бағдарлама әзірленіп, іске асырылуда. Достық - Мойынты, Дарбаза - Мақтаарал учаскесінде екінші жолдар, Алматы торабының айналма тармағы салынуда. 

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға және қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру деңгейін арттыруға көп көңіл бөлінеді. 

Кірме жолдарды ұсыну, электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша Ерлан Қизатов есеп берді. 

Негіздемелері бар толық есеп www.railways.kz сайтының "Инфрақұрылым" бөлімінде орналастырылған.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі