KTZ Express-тің ҚХР-дың Shandong Hi-Speed Logistics Group CO. Ltd. ірі компаниясымен ынтымақтастығы туралы келіссөздер өтті
22-04-2024
Астанада “KTZ Express” АҚ басшылығы мен қытайлық Shandong Hi-Speed Logistics Group Co. Ltd. компаниясының арасында жұмыс кездесуі өтті.
Shandong Hi-Speed Logistics Group Co., Ltd. Шандун провинциясының логистикалық индустриясының флагманы болып табылады және Қытайдағы жетекші логистикалық компания болып саналады.
Кездесуде тараптар Қазақстан, Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Орталық Азия мен Еуропа бағытында Циндао порты арқылы бірлескен көлік сервисін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
KTZ Express көліктік-логистикалық сервисті ұсыну шарттары мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ ТХКБ-ны дамыту бойынша жүргізілген жұмыстарды таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада ынтымақтастық туралы тиісті құжаттарға қол қою туралы уағдаласты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі